12 ақпанда № 3, № 2 балалар кітапханасының қызметкерлері № 4 қосымша мектеп-интернатының 10 балаларына «Ерте, ерте,ертеде…» кітап саяхатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың ұлттық және әдеби ертегілер туралы білімдерін жүйелеу және жинақтау, эстетикалық талғам қалыптастыру, әдебиетке және оқуға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жүргізушілер Кенесбаева Гульбану Калымовна мен Немлиенко Ольга Сергеевна балаларға ертегілер қалай пайда болды, қайдан келгендігі туралы айтты.
Орманда адасып кету өте оңай. Осындай жағдайларда ертегі кейіпкерлеріне әрқашан сиқырлы жіп жол табуға көмектесті. Балалар сайыс бойынша саяхатқа аттанды, біріншісі сайыс «Жұбын тап» болды. Ертегі кейіпкері бейнеленген суреттердің жиынтығы ұсынылды, онда маңызды зат жетіспейді және ертегі кейіпкерін білу үшін жоғалған затты көрсету керек болды. Балалар бұл тапсырманы тез орындап, келесі «Жұмбақ» сайысына өтті. Кітапханашылар әр түрлі жұмбақтар жасырды, балалар оларды тауып айтты. «Доскажи словечко» сайысында балалар кейіпкерлердің ерекше және өте қызықты аттарын еске алды, ал басқа сайыста олардың басқа біреуге айналып немесе сиқырланғаны туралы білді. Ертегі сұрақ-жауабында балалар қызықты сұрақтарға белсенді және тату жауап берді. Жүргізушілер «Путаница» сайысында балаларды шатастыруға тырысты, бірақ ең қызықтысы «Вспоминалки» сайысы болды. Балалар тәрбиешілермен және кітапханашылармен бірге колобок, Машенька, Кот Леопольд және т.б. ертегі кейіпкерлерінің әндерін әндетіп, сөздерін айтты. Шара соңында кітапхана туралы мультфильм көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалды. Жалпы іс-шара өте қызықты өтті, балалар өз білімдерін ертегі мен әдеби шығармаларға қызығушылық таныта білді.