Дәстүрлі Кітап мерекесі

27 наурыз күні  №25 және №42 мектептердің оқушыларына «Балалар кітабының апталығы» аясында  Кітап мерекесі өткізілді.

Мақсаты: оқырмандарды кітапханадағы әдебиеттердің орналасу жүйесімен таныстыру, кітапханалық-библиографиялық жіктеу туралы мәлімет беру (КБЖЖ); «Балалар кітабы апталығының» шығу тарихымен таныстыру; ең үздік оқырмандарды марапаттау; балалардың ойын дамыту орталығының тұсаукесері.

Кітапханашы Корюкина Любовь Павловнаның әңгімесінен балалар көктемгі демалыс кезінде өтетін апталықтың шығу тарихымен танысты. Ойын түрінде оқырмандар кітапханада әдебиеттерді қою ережелерімен танысып, кітапханалық-библиографиялық жіктеу жүйесі (КБЖЖ) туралы мәлімет тыңдады. Олар қызығушылықпен «Кітапхана планетасы» ойынына қатысты.

«Техника планетасы» ойынында ол Винтик пен Шпунтиктің, Қарындаш пен Самоделкиннің планетасы екенін анықтап, көздері байланған түрде саймандарды дұрыс атап, шеберлік сыныбына қатысты.

«Ауыл шаруашылығы планетасы» ойынында үй  гүлдерінің атауларын тапты.

«Медицина планетасында» балалар «Дәрігер мен науқас» ойынында науқастың жарасын тез арада таңуға тапсырма алды.

«Тарих планетасында» олар «Шығыс шайырлары» сериясының кітаптарымен танысты.

«Спорт планетасында» ұлдар мен қыздар армрестлинг ойынын ойнап, теннис шарымен кім көп ұпай алатынын сынға салды.

«Кітап планетасында» әдеби сұрақ-жауап ойынын ойнады.

«Анықтамалар планетасында» балалар анықтамалармен, энциклопедиялармен, сөздіктермен танысты. «Көктем. Каникул. Кітап мерекесі» атты көлемді, көрікті кітап көрмесі дайындалды. Әдебиеттерге шолу өткізілді.

Кітапхананың ең үздік оқырмандары: Агакишиев Рамиль, Иванова Ангелина, Оралова Мариям, Өмірзақ Малика, Күзеков Алдияр, Күзеков Төрегелді алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды.

Мереке балалардың ойын дамыту орталығының тұсаукесерімен аяқталды. Келген қонақтар қосымша білім беретін мұғалімдермен танысып, қолөнер, сурет салу шеберлік сыныбына белсенді қатысты. Іс-шара пайдалы да қызықты өтті. .Барлығы 58 адам қатысты.

Комментарии запрещены.