Ақынға арналған поэтикалық ойын

27 наурызда  № 29 мектептің 4 сынып оқушыларына № 8 балалар кітапханасында Балалар кітабы мен музыкасының апталығы шеңберінде қазақ балалар ақыны Жәнібек Кәрбозиннің туғанына 85 жыл толуына орай «Өз өмірін балаларға арнаған» атты  поэтикалық ойын өткізілді.  Кітапхананың оқу залында балалар назарына ақын творчествосына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шара барысында балалар ақынның өмірі және шығармашылығы туралы көптеген мәлімет алды.  Ақынның «Шешесі мен баласы» атты сюжетті өлеңі бойынша сахналық көрініс көрсетіп, өлеңдерде бейнеленгендерді сурет арқылы көрсету конкурсына қатысты және сөзжұмбақ шешті.

Жәнібек  Кәрбозин өлеңдерінің тәлім-тәрбиелік мәні зор:  адамгершілікке, бірін-бірі сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге үйретеді. Шараның соңында кітап көрмесі бойынша шолу өткізілді. 29 оқушы қатысты.

Комментарии запрещены.