Жерлес ақынға арналған әдеби шара

26 наурызда №4 балалар кітапханасының оқу залында балалар кітабы мен музыкасының апталығы аясында жерлес ақын, жазушы, аудармашы Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 95 жыл
толуына арналған әдебиет сағаты өтті. Оған №2 мектептің 3-4 сынып оқушылары шақырылды. Оқушылар кітапханаға алғаш рет келіп тұрғандықтан, алдымен кітапханаға экскурсия өткізіліп, кітаптар мен мерзімді басылымдар туралы айтылды. Балалардың жүздерінен әсем кітаптар мен газет-журналдарға деген қызығушылық бірден байқалды.

Шараның басында кітапханашылар Кенжегалиева Б. К. мен Мамбетова Л. С. балаларды балалар
кітабы мен музыкасы апталығының басталуымен құттықтады. Сонау соғыс жүріп жатқан 1943 жылы Мәскеуде Одақтар үйінде ұлдар мен қыздар жиналып, белгілі балалар жазушылары: А. Барто, С. Маршак, С. Михалков, К. Чуковский, Л. Кассиль және басқалармен кездесті. Содан бері осы апталық дәстүрлі түрде жылда өткізіліп келеді.

Мұзафар Әлімбаев біздің жерлесіміз. Ол Шарбақты ауданының Маралды ауылында туған, Ұлы
Отан соғысының ардагері. Оның өлең-жырлар мен аңыз-ертегілерді жақсы білген анасы сәби кезінен әдебиетке баулыған. Мектепте оқып жүргенде-ақ әдебиет үйірмесіне қатысқан. Он сегіз жасында соғысқа аттанған. Ол өлеңдер мен ертегілер жазумен бірге халықтық мақал-мәтелдерді ерекше қажырлылықпен жинаған, көптеген классик ақындарды қазақ тіліне аударды. Ұзақ жылдар бойы «Балдырған» журналының бас ркдакторы болды. Оның шығармалары адамдарды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Оқушылар ақынның өлеңдері мен жаңылтпаштарын оқып, жұмбақтарын шешті, ертегілерін еске
түсірді. Ақынның есімі «Мұзафар» араб тілінде «Жеңімпаз» деген мағынаны білдіреді. Бұл оның шығармалары өзінің құндылығына қарай ешқашан ұмытылмайтынын білдіріп тұрғандай. Шараға 20 адам қатысты. 

IMG-20180326-WA0024.th.jpg IMG-20180326-WA0035.th.jpg IMG-20180326-WA0036.th.jpg

Комментарии запрещены.