1 ақпан күні №6 балалар кітапханасы № 14, 72, 31 балабақша тәрбиешілерімен бірлесіп балабақша бүлдіршіндеріне
Павлодар облысының 80 жылдығына арналған шара ұйымдастырды.
Мақсаты: Кереку өңірінің
материалдарын пайдалану арқылы балаларға туған өлке туралы түсінік беру,
сауатты сөйлеу, ойлау қабілеттерін қалыптастыру, тілдерін дамыту. Іс-шара
барысында балалар туған өлке туралы білімдерімен алмасты. Үй жұмысы ретінде
Павлодар туралы плакат дайындау керек болды. Плакаттағы суреттер бойынша білгендерін айтты. Әңгіме барысында
өлкеміздің тарихы, жетістіктері, табиғатымен таныс болды.
Әйгілі жерлестеріміз,
ақындар С.М. Торайғыров, О.Н.Григорьева туралы қызықты деректер айтылып,
олардың шығармаларынан үзінділерді жатқа айтты.
Кітапхананың бүлдіршін
қонақтары сайыстарға қатысып, ән айтып,
би биледі. Барлық сайыстың тапсырмасын орындап, ойындарға белсенді
қатысты. Әділ қазы алқасы
бүлдіршіндердің білімдерін бағалап, балабақша арасына 1,2 және 3- орын берді.
1-ші орын иегері №31, 2-ші орын №72 және 3-ші орын №14 балабақша балалары
мадақтама қағазымен марапатталды. Барлық
балаларға қатысқандары үшін сыйлық ретінде кішкентай кітапшалар берілді.
Іс- шара соңында кітаптарға шолу жасалды. 31 бүлдіршін қатысты.