Елбасының Жолдауы талқыланды

1 ақпан күні № 17 көпшілік кітапханасында Павлодар қаласының № 2 шағын ауданының Ардагерлер кеңесімен бірлескен Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауын талқылау өтті. Шараға Ардагерлер кеңесінің өкілдері, зейнеткерлер мен кітапхана ұжымы қатысты. Ардагерлер кеңесінің төрайымы Роза Қабылқызы Есирова Қазақстан Республикасы Президентінің елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі жақсартуға бағытталған биылғы Жолдауындағы негізгі 10 міндетке қысқаша тоқталды. Кітапхана меңгерушісі А. Қ. Жармағамбетова жаһандық бәсекелестік жылдам өсіп, әлемде тұрақсыздық сипат алып жатқан қазіргі кезеңде Президент Жолдауының стратегиялық өзектілігі айқын екендігін атап өтті.

№ 4 сайлау округы бойынша қалалық маслихаттың
депутаты А. Г. Дяк шараға қатысып, өзінің депутаттық қызметімен таныстырды және
Президенттің айтуынша, әлем
көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда барлық жағдайлар жасалғаны,
мемлекетіміздің алдында жаһандану заманында іске асырылатын Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайында осы негізгі 10 міндетті шешу аса маңызды екеніне
назар аударды. Сонымен қатар ол оқырмандардың сауалдарына жауап берді. Жолдау
туралы баспасөз беттерінде жарияланған
мақалаларға шолу жасалды. Қатысқандар саны – 17.

11ea6b0ad934f2849.th.jpg 2b06369484f0d5d78.th.jpg

Комментарии запрещены.