2019 жылдың 11 қазанда Орталық балалар кітапханасында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Біз Абайды білеміз бе?» атты квест-ойыны өткізілді. Шараға «Жас Отан» Жастар қанатының қызметкері және №19 мектебінің 8 «А» сынып оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты Абай Құнанбайұлының өлеңдерін ойын арқылы оқыту және насихаттау, рухани жаңғыру аясында оқушыларға қаламгердің мұраларын ұсына отырып, кітап деген қызушылықтарын ояту. Іс-шара қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлы 175 жылдық мерейтой қарсаңында ұйымдастырылды.
Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетіліп, оқушылар екі топқа бөлінді. Квест ойын шарты бойынша балалар он аялдамадан өту керек. Бұл ретте топ жетекшілеріне карта және аялдамадан өту құжаты берілді. Абайдың табиғат лирикасына байланысты жазған «Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғұтырым» өлеңдерін мәнерлеп оқып, ойын арқылы Абайдың өлеңінің жалғасын тауып, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас» өлеңдері хормен айтылды.
Даналық әліппесі сериясында шыққан – Халық әні кітабынан «Желсіз түнде жарық ай» — әні, «Нақыл сөздері» инновациялық сөйлейтін қаламы арқылы тыңдалды. Балалар қаламды өз қолдарымен ұстап, тыңдап қызықтады. Оқушылар сөзжұмбақтарды шешіп, сұрақ-жауаптар ойындарына белсенді қатысты. Шара соңында «Абай әлемі» кітап көрмесі ұйымдастырылып оған шолу жасалынды. Оқушылар кітапхана қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.
Павлодар қаласының Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Айтмағамбетова А., Магзумова А., Дәуітхан Ж.