«Бір шаңырақ астында» мерекесі

2019 жылы 29 сәуірде Орталық балалар кітапханасында №85 балабақшаның «А» және «Б» даярлық топтары үшін «Бір шаңырақ астында» мерекесі өтті.

Жүргізуші Елена Юрьевна Борякина балалар мен тәрбиешілерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен, бейбітшілік, еңбек, достық мерекесімен құттықтады. 1 мамыр мерекесі, әсіресе, ортақ тарихпен, дәстүрлермен біріктірілген біздің республикамыздың көпұлтты халқына қымбат.  Көктем, бірлік мерекесі туралы балаларға «Қазақстан халықтарының достығы» видеоролигі көрсетілді. Балалар «Берік достық» әнін орындап, әр түрлі халықтардың жұмбақтарын шешті.

Балаларға қонаққа Карлсон келді, ол «Менің Қазақстаным» блиц-турнирін, «Достық мектебі», «Арқан тартыс» ойындарын өткізді. Балалар «Сақина», «Арқан тарту» қазақ ойындарын, «Біздің көгілдір орамал» орыс ойынын ойнады. Іс-шара украин ертегісі бойынша «Шайырлы бұқашық» қуыршақ спектаклімен аяқталды.Қатысқандар саны: 23 адам.

Комментарии запрещены.