«Бір отбасы — бір халық»

Ақпанның  28 күні №4 балалар кітапханасының оқу залында № 43 орта мектептің 4-сынып оқушыларына Алғыс айту күніне арналған «Бір отбасы — бір халық» атты іс-шара өткізілді.  Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты ризашылыққа, достыққа, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді нығайту.

Кітапханашылар елімізде 2016 жылдан бері тойланып келе жатқан «Алғыс айту» мерекесі туралы айтты. 4-сынып оқушылары Отан, Қазақстан туралы өлеңдер оқыды. Алғыс айту күні — бұл қазақ жеріне және халқына , қамқорлық, қонақжай, ұлттар достығы үшін тағзым. 6-сынып оқушылары Марина Плитко «Көктем» әнін орындады, Нигматуллина Арина достық туралы өлең оқыды. Балалар «Біз ризамыз ба?» сұрағына белсене жауап берді. Жауаптары әртүрлі болды. Ия, біздің балалар алғыс айтуды біледі: Отанға, ата-анасына, мектепке, достарына, мұғалімге. Олар  жауаптарын дәлелдеп растады. Балалар сыпайылық пен ризашылық сөздерін есіне алды. «Достық.Бірлік. Келісім» атты кітап көрмесі безендірілді. Іс-шарада Алғыс айту мейрамы туралы бейнефильм көрсетілді. Балалар  «Менің Қазақстаным» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Алғыс ретінде және мектеппен бірлесіп жұмыс атқару үшін кітапханашылар 4 сыныпқа кітаптар сыйлады. Қатысқан 21 оқ.

Комментарии запрещены.