«Адамдармен бірге өмір сүр»

28 ақпанда № 3 балалар кітапханасының қызметкерлері кітапхананың тұрақты оқырмандарына Алғыс айту күніне орай «Адамдармен бірге өмір сүр» инфо-квест өткізілді.

Мақсаты: іс-шара көп ұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау мен дамытуды нығайтуға ықпал ету, балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, алғыс пен ризашылық туралы түсінік беру. Махаббат пен сыпайылықты дамыту.

Кітапханашылар Қазақстанда 1 наурыз ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі алғыс айту күні аталып өтілетінін айтты. Бұл 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдегі бейбіт өмір үшін қажетті достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Мемлекет басшысы бұл күнді ел халықтары бір-біріне және қазақтарға төзімділік пен қонақжайлылық үшін Алғыс айту күні деп жариялауды ұсынды. Бұл күннің таңдалып алынған себебі 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Мемлекет басшысының айтуынша, «Бұл күн барлық қазақстандықтардың қайырымдылық, достық пен сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болуы мүмкін». Содан кейін балалар «Доскажи словечко» ойынын ойнады. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.