26 наурызда Орталық балалар кітапханасында Балалар кітабы мен музыкасы апталығының ашылуы болды. Бұл мереке сонау соғыс жүріп жатқан 1943 жылдан бастау алады. Бүгінде бұлжымас дәстүрге айналды: кітапханалар балаларға арнап шығармалар жазатын жазушылар мен ақындарды жинайды.
Қазіргі электронды технология қарыштап дамыған дәуірде балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды насихаттау ең басты міндеттің бірі болып отыр. Сондықтан әлемдік және ұлттық мәдениетті жеткізуші ретінде кітапқа деген құмарлықты арттыру жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі басты алғышарт болып табылады.
«Кітап оқысаң – әлемді танисың» атты шара мерейгер жазушыларға арналды. Олар: Мұзафар Әлімбаев (95), Лазарь Лагин (115), Николай Носов (110), Сергей Михалков (105). Бұл күні мектеп оқушылары, зейнеткерлер мен кітапхана ісінің ардагерлері, барлығы елу шақты адам кітапхананың қонақтары болды.
Шараны жүргізген кітапханашылар Наталья Константиновна Мухутдинова мен Ольга Сергеевна Немлиенко барлығын балалар жазушыларымен және ақындарымен, әңгімелердің, ертегілердің және өлеңдердің кейіпкерлерімен кездесуге шақырды.
Алдымен сөз біздің жерлесіміз, көрнекті қаламгер Мұзафар Әлімбаев туралы болды. Сонымен бірге балалардың сүйікті ақындары Сергей Михалков пен Лазарь Лагин шығармалары туралы әсерлі де тартымды әңгіме қозғалды.
Шара соңында кітапханашылар қызыққа толы кітап апталығын, айтулы шығармалардағы кейіпкерлермен ұмытылмас кездесулердің көп болуын тіледі. 60 адам қатысты.