«Жүлделі бағана» ойыны

22 наурыз күні Павлодар қаласының Орталық алаңында Орталықтаңдырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері «Жүлделі бағана» ойынын өткізу үшін жауапты болды.

Жүргізушілер — Құмалақова Сандуғаш Кеңесханқызы және Кенжеғалиева Ботагөз Қабдылсағитқызы екі тілде қаланың тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Ойынның ережесі бойынша барлық қатысушылар алдын ала тіркеуден өтулері керек еді. Жүзден астам адам тіркеуден өтті. Лототронның көмегімен ойыншылардың кезегі анықталды. Ойынға қатысқылары келген адамдар көп болды. Бірақ ойынға тек 18 жасқа толғандар ғана қатыса алды.

Күннің жылылығы мен мерекелік көңіл-күй ойыншыларды сергітті. Бірінші жүлде – кілем Абдрахманов Анарбек Жеңісбекұлына бұйырды. Екінші жүлде – қысқа толқынды пешке Майданов Темірлан ие болды, шаңсорғышты Садвақасов Мақсат  жеңіп алды. Төртінші жүлде – киім үтігін Кабенов Қуаныш алды.

Комментарии запрещены.