9 ақпан күні М.Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапхана қызметкерлері №27 орта мектептің 7-сынып оқушыларына «Ауған соғысы — жүректегі жара» атты ерлік сағатын өткізді. Соғыс тақырыбы — мәңгілік азап пен жазылмаған жара. Жүргізушілер Ауғанстандағы соғыстың тарихи оқиғаларымен таныстырды, сондай-ақ жауынгерлеріміздің өз борышын қаншалықты батыл және кәсіби орындағаны, ең қиын жағдайда біздің табандылық пен тектілік танытқаны, әскерилерге адал болғаны туралы әңгімеледі.