«Зиянды әдеттер туралы пайдалы әңгіме»

13 ақпан күні №43 мектептің 6-сынып оқушыларына «Зиянды әдеттер туралы пайдалы әңгіме» ақпараттық минуты өткізілді.
Кітапханашы өмірді уландыратын әдеттер: темекі шегу, алкоголь және есірткі туралы айтты.
Балалар әңгімеге белсене қатысып, пайдалы және зиянды әдеттер, олардың денсаулық пен өмірге қалай әсер ететіндігі туралы ой қозғады,  жағдайларды талдады, «Пайдалы – зиянды әдеттер» ойынына қатысты, салауатты өмір салты туралы әңгімеледі, кітап көрмесін тамашалады.

Комментарии запрещены.