«Асыл әжем — ғасыр әжем аңсаған»

Қолөнершілер мен қол еңбегін сүйетіндермен кітапханада кездесу әрқашанда мереке болып табылады. Бұл тәжірибе алмасудың, жаңа нәрсені үйренудің тамаша мүмкіндігі. № 3 көпшілік кітапханада 7 наурызда «Асыл әжем — ғасыр әжем аңсаған» атты шығармашылық кездесу өтті. Іс-шараға «Қолөнер — сырлы өнер» жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлері, тұрмыстық заттарды дайындау технологиясымен және «текемет», «түскиіз», «көрпе», «сырмақ» ұғымдарымен таныстыру болды. Іс-шара қолөнердің ерекше және кейде таңқаларлық нәрселер жасау үшін қандай түрлері жиі қолданылатыны туралы әңгімеден басталды. Қолөнершілер жұмысқа кіріскенде шыдамдылық пен жақсы көңіл-күйде болу керек екені сөзге тиек етті. «Қазақ халқының қолөнері» атты кітап шолуы өткізілді.

Комментарии запрещены.