12.10 сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханада «Ақындардың әндерінде де, өлеңдерінде де туған өлке гүлдей берсін!» Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған оқу сайысы өтті. Қазақтың көрнекті ақын, ағартушының шығармаларын кітапхана оқырмандары «Адасқан өмір», «Айтыс», «Таныстыру» тарауларын және басқа да өлеңдерін оқыды. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сана-сезімді қалыптастыру, өз еліне Отанға деген сүйіспеншілік, рухани құндылықтарды жаңғырту; жастарды патриоттық әдебиетті оқуға баулу. Өңірде жерлес ақынның есімімен облыс орталығындағы көше, Павлодар мемлекеттік университеті, Баянауыл ауданындағы көл және туған ауылы аталған. Қазақ ақыны мен ағартушысы небәрі 27 жыл өмір сүріп, қазақ әдебиетінде елеулі із қалдырды. Ол қазақтың алғашқы «Қамар Сұлу» романдарының, поэмаларының, өлеңдері мен очерктерінің авторы. Орындаушылық шеберлігі мен сөйлеу мәнері үшін жүлде №31 мектеп оқушысына Абельдинова Жасмин табысталды.