«Тахауи Ахтанов-рухы ұлы жазушысы»

Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері №28 ЖОББМ 7 сынып оқушыларымен жазушы және драматург,ҰОС орден иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т.Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына (1923-1994) арналған «Тахауи Ахтанов-рухы ұлы жазушысы» ақпараттық сағатын өткізді. Іс-шара барысында Т.Ахтанов өз отанында да, одан тыс жерлерде де талантты прозашы ретінде танымал екендігі және оның маңызды шығармалары, қазақ халқының тарихы мен тұрмысының өшпес тағдырларына тоқталғаны жайлы, сонымен қатар жазушының аудармашылық қызметі туралы ақпараттар беріліп өтті. Сондай-ақ, «Қазақ өмірінің энциклопедиясы» атты тақырыптық кітап сөресінде автордың шығармалары мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылды. Оқушылармен жазушының өмірі мен қызметінің маңызды кезеңдері туралы «Кітап беттері бойынша» викторина-лото өткізілді.

Комментарии запрещены.