Ақын, әнші, композитор Иса Байзақовқа 120 жыл толып отыр

View this post on Instagram

Ақын, әнші, композитор Иса Байзақовқа 120 жыл толып отыр. Иса Байзақов Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келген. Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой адам болған. Иса 9 жаста болғанда, шешесі қайтыс болып, әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан "Әнші Иса" атанады. 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында, 1929-1932 жылы Қазақ педагогикалық институтында оқыған. 1926-1929 жылы Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек, Серке Қожамқұлов, Елубай т.б. актерлермен бірге жаңа театрдың негізін қаласады.Театр алғаш қойған М.Әуезовтың "Еңлік-Кебегі" мен "Бәйбіше-тоқалында" басты рөлдерде ойнайды. Өзі инсценировка жасаған "Біржан-Сара" қойылымындағы Біржан рөлінде нағыз актерлік дарынын танытқан. 1932-1940 жылдары Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, жазушылар одағында қызмет істеді. Өлеңдері 1924 жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі Байзақовтың, әсіресе, суырып салма ақындық өнері қазақ әдебиетіндегі осы бір ерекше құбылыстың жалғасындай еді. Байзақов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды.

A post shared by Db.№3pavl (@db.3pavl) on

Комментарии запрещены.