8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жетекші ауылының мәдени ойын — сауық клубында «Әйел – бақыт, әйел – шырақ» атты мерекелік кеш өтті. Оған Жетекші ауылының әйелдері және жастары шақырылды. Неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді екен? Өткенге көз салсақ, әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларды көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.
Павлодар мемлекеттік университетінің студенті, әнші Сайтова Асель мен жергілікті мектептің оқушылары ән шырқап, би биледі. Кешке келген аналармен ойындар өткізіліп, олардың назарына кітап көрмесі ұсынылды. 40 адам қатысты.