«Айналайын, ақ мамам» — ойын бағдарламасы

7 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай № 8 балалар кітапханасының ұжымы  «Балшуақ» клубының оқушылары және мұғалімдеріне «Айналайын, ақ мамам!» атты шара өткізді.

Кітапханашы Альмира Кеңесханқызы Инсебаева оқушылар мен ұстаздарды келе жатқан 8 наурыз мейрамымен құттықтап, игі тілек білдірді және мерекенің шығу тарихы мен оған себеп болған патриот әйел Клара Цеткин туралы, біздің елімізде әйелдерге жасалып отырған жақсы жағдайлар туралы айтты.

Мерекелік шара барысында көптеген ойын, сайыс, сұрақ-жауаптар өткізілді. Қыздар «сән үлгісіне» қатысып, әдемі де сәнді киімдерді көрсетті. Ұлдар да өз өнерлерін көрсетті.

Шараның аяғында «Айналайын, ақ мамам!» атты кітап көрмесі бойынша шолу өткізіліп, естелікке суретке түсті.

1b21bd87e6df2e6eb.th.jpg 259687ef3a711e16f.th.jpg

Комментарии запрещены.