№3 көпшілік кітапханасында 2022 жылдың 25 ақпан күні республикалық «Бір ел – бір кітап » акциясының таңдауымен ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жыл толуына орай арналған «Ол-ары, заман тағдыры!» атты портрет кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: жастарымызды ерлік пен батырлыққа, патриотизмге шақыратын, рухты көтеретін, өмірге құштарлықты насихаттайтын кітаптардың көбірек оқылуына ықпал жасау. Шара барысында: «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»; «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»; «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»; «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану» бағыттары бойынша талқыланды. Шарада оқушылар ақынның шығармаларын оқып, сұрақ-жауап өткізілді. Кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға №31,33 мектеп оқушылары мен мектеп кітапханашылары қатысып 45 адамды қамтыды.