«БҮГІНГІ ЖАСТАР – ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ»

25.02.2022 Орталық қалалық кітапхананың О.Сүлейменов атындағы оқу залында «БҮГІНГІ ЖАСТАР – ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ» атты кездесу кеші өтті.
Аталмыш шара И. Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әртісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Мүфтән Ұғыбайдолла Бейсенұлының өнері мен шығармашылығына арналды.
Бүгінгі кездесуге айтыскер ақын, республикалық Алтын домбыра айтысының қатысушысы, дәстүрлі әнші, қобызшы Бөкен Жігерұлы, БАҚ өкілдері және студенттер қауымы да қатысты.
Кеш барысында кейіпкер студенттердің толғандырған сұрақтарына да тұжырымды жауаптар берді.
Кітапханада өткен кездесу сұхбат түрінде ұйымдастырылып, осындай тамаша кездесу қалың қауымға үлкен әсер қалдырды.
Сондай-ақ кітапхана қорындағы кітаптардан «Өнер – халық тарихының шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды және де жиналған қауымға Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінен қазақтың ұлттық аспаптарынан көрме ұсынылды.
Іс-шара әлеуметтік желісіндегі Инстаграм парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Комментарии запрещены.