"Ауғанстан – жазылмайтын жара" атты ерлік сабағы

13 ақпан күні Орталық балалар кітапханасының кітапханашылары Н.К.Мухутдинова мен О.А. Самчук №5 мектептің 10А сынып оқушылары  үшін Совет әскерлерінің Ауғанстаннан  шығарылуына 29 жыл толуына арналған «Ауғанстан – жазылмайтын жара» атты ерлік сабағын өткізді.

15 ақпан — ерекше күн. Осы күні 1989 жылы ОКСВ қолбасшысы генерал Борис Громов шекарадағы Пяндж өзенін соңғы болып өтті. 10 жылға созылған жарияланбаған соғыстан кейін КСРО өз әскерін Ауғанстаннан шығарды. Бұл соғыс көптеген отбасыларына қайғы- қасірет әкелді.

Бүгінгі шара осы тарихи оқиғаны еске алуға арналды. Ондағы мақсат: оқушыларға тарихтан қосымша білім беру, патриоттық сезімін тәрбиелеу, интернационалист-сарбаздардың ақындық
және ән мұрасымен таныстыру. Іс-шараны жүргізушілер оқушыларға Ауғанстан соғысының себептері туралы айта келіп, ол туралы бейнебаянды көрсетті. Кітап көрмесіне шолу жасалып, жерлес қаламгер Бекболат Хазыровтың «Черный тюльпан» атты кітабы мен Александр Казаковтың
«Палитра одной души» өлеңдер жинағына ерекше тоқталды. Бұл кітаптарда жерлестеріміздің жауынгерлік іс-қимылдар туралы жазылған.

Оқушылар сол соғыстың қорқынышты оқиғалар туралы жазылған интернационалист сарбаздардың естеліктерінен үзінділер оқыды. Нұрлан Есембаевтың «Ты за Россию, я за Казахстан» әніне түсірілген клип көрсетіліп, А.Розенбаумның «Черный тюльпан» әні тыңдады. Қаза тапқан барлық қатысушыларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кітапханашылар оқушыларға Ауғанстан соғысын есте сақтаңдар, ешқашан қан төгіс қайталанбасын, аналар өз балаларын жоғалтпасын, мемлекетаралық және ұлтаралық мәселелер соғыссыз шешілсін деген тілек білдірді.

19 адам қатысты. 

2965728cc53b416b0.th.jpg

Комментарии запрещены.