5 қаңтарда №10 көпшілік кітапханасының оқу залында аз қамтамасыз етілген
және көп балалы отбасыларының балаларына арналған Жаңа жылдық шара өткізілді.
Кітапхана қызметкерлері Ирина Васильевна Абрамова мен Наталья Ивановна Пихлик жиналғандарды думанды мерекемен құттықтады. Осы
жолы шара шырша ойыншықтарына арналды. Бұл туралы бейнеролик көрсетілді.
Кітапханашылар балаларға көрсетуге шырша ойыншықтарының ең ескі түрлерін
дайындады.
Балалар бұрынғы замандарда шыршаны қалай безендіргені, әшекейлерді қалай жасағаны
туралы білді. Әсем шыны ойыншықтар өте қымбат болғандықтан, адамдар қолға
түскен заттардан: қағаздан, мақтадан, жіптерден әшекейлеп, ойыншықтар жасаған.
Кітапханашылар осындағы шыршаны безендіру үшін ойыншықтарды қолдан жасауға шақырды. Оған керектінің бәрі – түрлі түсті қағаздар, жіптер, желім, мақта, жылтырақ оқалар
алдын ала дайындалып қойған болатын. Балалар өз қиялдарынан туындаған және
ептіліктерін көрсеткен алуан түрлі әшекейлер жасап шығып, шыршаға ілді.
Балалар әсіресе түрлі түсті қағаздан тізбек жасауға белсене әрі жарыса кірісіп, ол дайын болғаннан кейін тізбектерді бір-біріне қосып, оны шыршаға ілді. Бұдан кейін өткізілген ойындар мен Жаңа жыл туралы бейнебаян барлығын бір серпілтіп тастады. Кітапхананың жас қонақтары өздері
безендірген шыршаның жанында отырып, шай ішті. Шараға 25 бала қатысты.