Желтоқсанның 10 күні №4 балалар кітапханасының мерекелік безендірілген оқу залында №2 орта мектептің 5-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік сатылары» атты тарихи альманах өткіздік. Іс-шараның мақсаты: балалардың патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, тәуелсіз еліміздің тарихымен мақтана білу, Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілік сезімін ояту, мерекелік көңіл-күйді көтеру.
Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындауымен ашылды. Кітапханашылар жиналғандарды келе жатқан мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 28 жыл бұрын бүкіл әлемге жаңа тәуелсіз Қазақстан туралы хабар таралды, ол — Қазақстан Республикасы. Оқушылар өз елінің тарихымен танысты, «Тәуелсіз ел» бейнеролигін қарап шықтыі, «Менің Отаным — Қазақстан» кітап көрмесі бойынша кітапханашы Мамбетова Ләззат Сайлауқызы шолу өткізді. Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқыды, Отан туралы мақал-мәтелдер сайысына белсенді қатысты және «Қазақстан — біздің ортақ үйіміз» викторинасының сұрақтарына жауап берді. 25 оқушылар қатысты.