2019 жылдың 5-ші қыркүйекте Орталық балалар кітапханасының Коворкинг оқу залының орталығында кітапхана қызметкерлері Тіл мерекесіне орай Павлодар облыстық балалардың туберкулезге қарсы санаториясының балаларына арнап «Тілі мықтының – елі мықты» іс-шарасы өткізілді. Жыл сайын 5 қыркүйек күні Қазақстанда тілдер мерекесі атап өтіледі. Бұл жалпы Қазақстанның барлық халқы үшін мереке.
Зал әсем безендіріліп «Адамдар қалай сөйлеуді үйренді?» бейнеролик, «Қазақстан», «Жер тілдері…» сұрақ-жауап ойындар және музыканың сүйемделуімен Ақылбек Шаясменованың өлеңін Магзумова Айнагүл Рамазанқызы оқыды. Баланың тілі шықпай оны әжелеріміздің ертегілерімен, аналардың бесік жырымен сөйлеу балалардың тіл байлығын дамыту, жетілдіру болып табылады.
Шара барысында «Су перісі», «Бұлттар мен жолдар» мультфильмі, «Суық жүрек», жұмбақтар сайысы, ертегілер сайысы, «Өз туған отаныңды білесің бе?», «Бәйге», «Сүйікті ертегілер» сайыстары өте қызықты жүргізіліп, шара соңында балалардың орындауында «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңі үш тілде айтылып, «Тілі мықтының – елі мықты» кітап көрмесіне шолу ұсынылды.
Лавриненко Людмила Андреевна, Магзумова Айнагүл Рамазанқызы және Самчук Ольга Александровналар іс-шараларды ұйымдастырды.
Қатысқандар саны 22 адам.