«Тіл – достық көпірі» атты полиглот лотосы

2019 жылдың  5  қыркүйегінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Туған жер» арнайы Проекты шеңберінде, Қазақстан халықтарының Тілдер күнін мерекелеу аясында  № 8 балалар кітапханасының ұжымы  «Балшуақ» клубының оқушыларына  «Тіл – достық көпірі»  атты полиглот лотосын өткізді.

Бұл  шараның басты  мақсаты: оқушылардың қазақ тіліне деген қызушылығын арттыру, тілдің байлығын ұғындыру, мемлекеттік тілге сүйіспеншілігін арттыру.

Іс шараның басында  балалар  Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлттар  барын, біздің еліміз  көп ұлтты ел екені туралы білімдеріне қосымша ақпарат алды. Содан соң, танымдық сағаты  ойын бағдарламасымен жалғасты, ойын  бірнеше бөлімнен тұрды «Бізге аудармашының қажеті жоқ», «Жұмбақтар мекені», «Мақал-елдің байлығы». Балалар сөздерді аударып, мақал-мәтелдерді қазақ, орыс, украин, белорус халықтарының жұмбақтарын еске тусірді. Көңілмен және үлкен қызығушылықпен  балалар  «Сөзді жинақта», «Полиглот», «Мақалды жалғастыр» атты ойындарына қатысты. Шара «Жасай бер біздің тіл — ана тілім» атты кітап көрмесін шолуменен аяқталды. Іс-шара екі тілде өтті. Шараға 15 оқушы қатысы.

Комментарии запрещены.