17 сәуір күні Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің балаларына арналған көшпелі іс-шара «Сүйікті кейіпкерлер әлемі» атты ертегі терапиясы өткізілді. Мақсаты: балалардың бос уақытын ұйымдастыру және ертегілер әлеміне баулу.
Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина балаларға: ертегі қалай пайда болды, оны кім жазады, оның қалай берілетіні және ертегі оқу арқылы қандай дана ойларды білуге болатынын айтты. Содан кейін балалармен «Дұрыс-дұрыс емес» ойынын, «Ертегі кейіпкерінің сөздерін айт» конкурсын өткізді және балалармен бірге «Ертегі шығарамыз» атты ойынында жалпы ертегі шығарды.
Одан әрі бағдарламада: «Үйшік», «Қызыл телпек және мейірімді Қасқыр» қуыршақтар қойылымдарын көрсету және балалармен көрсетілген ертегілердің басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін талқылау болды. Қатысқандар – 32 адам.