«Аңыздай болған аңыз тұлғалар» әдеби сағаты

18 сәуірде № 21 ЖОББМ  6 «б» сыныптың  оқушыларына мектеп кітапханасымен бірлесіп, «Бір ел- бір кітап» республикалық акция аясында «Аңыздай болған аңыз тұлғалар» әдеби сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.Шара № 21 ЖОББМ кітапханасымен бірге өткізілді. Жүргізушілер Динара Амангельдиновна Калиева мен Ақбота Жазкеновна Шахманова «Бір ел – бір кітап» акциясы, Қазақстан халқы үшін бұл акцияның маңыздылығы туралы айтты.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2019 жылы бүкілхалықтық оқу үшін екі кітап таңдап алынды: Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы, Әбділда Тәжібаевтың «Поэзия» өлеңдер жинағы. Жүргізушілер Әбділда Тәжібаев пен Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Оқушылар Ә.Тәжібаевтің өлеңдерін оқып, Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романын талқылады. Осы акция аясында оқушыларды «Жазушы мұрасы – халық жадында» кітап көрмесімен таныстырып, талантты жазушыларымыздың орыс және қазақ тілдеріндегі  кітап жинақтары ұсынылды. Әдеби сағат «Бір ел – бір кітап – 2019» буктрейлерін тамашалаумен аяқталды. Қатысқандар 20 адам.

Комментарии запрещены.