«Қазақ әдебиетінің титаны»

14 қазан күні № 3 балалар кітапханасының қызметкерлері № 21 ЖОББМ-нің 9-сынып оқушыларына жазушы, драматург, аудармашы және қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің титаны» атты әдеби эскиз өткізді. Оқушылар Роллан Сейсенбаевтың өмірбаяны мен шығармашылық жолымен танысты. Іс-шара барысында жазушының қоғамдық қызметіне, Абай мұрасын сақтауға және қазақ әдебиетін насихаттауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

 

Комментарии запрещены.