«Ұстаздық – ұлы қызмет»

2 қазан күні Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында Ұстаздар күніне орай «Ұстаздық – ұлы қызмет» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Ұстаз мамандығының қоғамдағы маңызын түсіндіру, мұғалім еңбегін құрметтеуге баулу. Танымдық сағат барысында қатысушылар ұстаздың қоғамдағы рөлі, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі мен білім беру саласына қосқан үлесі туралы ой бөлісті. Ұстаздықтың жауапкершілігі мен қадір-қасиеті кеңінен насихатталып, білім нәрімен сусындатып, өмірге жол көрсететін ұстаздарға деген құрмет ерекше аталып өтті. Оқырмандар кітап көрмесімен танысып, ойындар ойнап, викториналық сұрақтарға жауап берді.

 

Комментарии запрещены.