«Тарих пен тағдыр тоғысқан роман»

18 маусым күні Кенжекол аулының көпшілік кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Тарих пен тағдыр тоғысқан роман» атты тарихи сағат өтті. Іс-шараның мақсаты: акция аясында таңдалған шығарманы насихаттау, оқырмандардың тарихи танымын кеңейту, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Шара барысында қатысушылар романның мазмұны, тарихи кезеңі мен кейіпкерлер тағдыры туралы мәлімет алды. Іс-шара соңында қатысушылар кітап көрмесімен танысып,сұрақтарға жауап берді.

 

Комментарии запрещены.