«Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында №34 орта мектептің жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілеріне «Көше қауіп-қатерге толы» атты ескерту сабағы өткізілді. Іс-шара барысында балалар көшеде кездесуі мүмкін негізгі қауіптермен танысты: көлік қозғалысы, бейтаныс адамдар, жол жиегінде ойнау, ашық құдықтар мен құрылыс алаңдарының қауіптілігі туралы мәлімет алды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолдан қауіпсіз өту, велосипед пен ролик тебу кезіндегі қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылды. Оқушылар ойын түрінде түрлі өмірлік жағдайларды талдап, «Болады – болмайды» атты викторина сұрақтарына жауап берді, жұмбақтар шешті. Іс-шара соңында барлығы қауіпсіздік ережелерін сақтау адамның өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі деген қорытындыға келді.
Шара барысында «Бағдаршам және мен – достармыз» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

















