27 ақпан күні №3 балалар кітапханасында «Нағыз суретші, зор талант» атты өнер сағаты өтті. Іс-шара қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, суретші Қажыбек Камалович Баймульдиннің 80 жылдық мерейтойына арналды. Шара барысында оқырмандарға суретшінің өмір жолы, шығармашылық қалыптасуы, өнердегі қолтаңбасы мен қазақ мәдениетіне қосқан үлесі туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар оның белгілі туындылары таныстырылып, көркемдік ерекшеліктері талқыланды.














