27 ақпан күні 5-сынып оқушыларына ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл – халық үні» кеш-портреті өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Ақынның патриоттық сезімін терең ашатын «Ленинградцы, дети мои!» бейнеролигі көрсетілді. Оқушылар «Алатау», «Қазақстан» өлеңдерін мәнерлеп оқып, поэзияның көркемдігін және Отанға деген сүйіспеншілікті жеткізе білді. Іс-шара соңында «Өнер туралы ән» шырқалды.















