«Құқығынды біл, міндеттеріңді ұмытпа»

Құқықтық сауаттылық пен жас ұрпақтың жауапкершілігін арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру мақсатында 25 ақпанда №43 орта мектептің 7-сынып оқушыларына «Құқығынды біл, міндеттеріңді ұмытпа» атты құқықтық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар «Бала құқықтары туралы конвенция» құжатында бекітілген балалардың негізгі құқықтарын еске түсіріп, сондай-ақ мектептегі, отбасындағы және қоғамдағы өз міндеттерін талқылады. Оқушылар түрлі өмірлік жағдайларды талдап, қай жерде құқық бұзылғанын, ал қай жерде құқық бұзушылық орын алғанын анықтады. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілік түрлеріне (әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық) ерекше назар аударылды. Оқушылар өз іс-әрекеттерін талдап, қорытынды жасауға үйренді. Балалардың назарына тақырыптық көрме ұсынылды.

Комментарии запрещены.