«Қазақ сазының қызғыш құсы»

15.03.2024 ж. Орталық қалалық кітапханасында сазгер, этнограф — ғалым, қазақтың және көптеген халықтардың дәстүрлі ұлттық музыкасын зерттеп оны нотаға түсіруші және ҚазССР-нің тұңғыш халық әртісі Александр Викторович Затаевичтің 155 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ сазының қызғыш құсы» атты музыкалық кеші өтті. Алғашқы кезекте жиналған көпшілік А. Затаевичтің өмір жолын арқау еткен деректі фильмге назар аударды. Одан соң музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешені «Музыка теориясы» бөлімінің оқытушысы Ә. Д. Арынова қазақтың екі мыңға жуық ән-күйін зерттеп, қағазға түсірген  А. Затаевичтің жанкешті еңбегіне жан-жақты  тоқталды. Келесі кезекте сөз алған М.Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы мұражайы үйінің басшысы Е. О. Рахимов ұлттық кәсіби музыканың негізін салушылардың бірі ретінде А.Затаевич 1920 жылдардың бас кезінде «Қазақ музыкасы» атты фортепианолық шығарма, 1925-27 жылдары фортепианолық пъесалар циклін жазғанын, Ертіс, Орал, Қарқаралы, Қызылорда, Орынбор, Жетісу жерлерін аралап, қазақ ән-күйлерін нотаға түсіргендігін айтты, П. Васильев музей үйінің бас сақтаушысы  Т. С. Корешкова қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан музыка зерттеушісі А. Затаевичтің еңбегі ешқашан өлмейтінін, оған бүгінгі кеште шырқалған қазақ халық ән-күйлері мен сазгердің шығармалары дәлел екенін, оны жалғастыратын жүрегі өнер деп соққан, ән-күйді шалқытқан жастар, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, жалғайтын ұрпақ барда өнер мәңгі жасай бермек екенін  айтып өтті. Әрі қарай шараға қатысқан өнер адамдары «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ММ «Сырластар» атты хор ұжымы мен  И. Байзақов атындағы филармония әншілері Ж. Байсолтан мен Г. Қыздарбекова А.В. Затаевич жинап, нотаға түсірген әндерін орындады. Шарада композитордың өмірі, ғылыми еңбектері және замандастары мен музыкатанушы ғалымдардың зерттеулерінен «Дала әуенінің ізімен» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды. Көрмеде А.В.Затаевичтің 1963 жылы Москва қаласында жарық көрген «1000 песен казахского народа», «500 казахских песен и кюйев», «Қазақтың халық әндері тақырыбы бойынша фортепианоға арналған пьесалар» және композитор мұрасын зерттеуге арналған көптеген еңбектері қойылды, сондай-ақ ​Павлодар облыстық «Полония» поляктар қоғамының қызметкері М. Е. Ершова Орталық  қалалық кітапханаға «Қазақстанның поляк әншілері» және т.б кітаптар тарту етті.

 

 

 

Комментарии запрещены.