«Естелік тізбегі»

15 наурыз күні № 2 балалар кітапханасының қызметкерлері М. Әуезов атындағы ЖОББМ 10 «Б» сыныбының окушыларына арнап жерлес танымал ақын Павел Николаевич Васильевтің 115 жылдығына орай «Естелік тізбегі» атты поэзия кешін өткізді. Кешіміздің қадірлі қонағы ретінде Павел Васильев  мұражайының қорын сақтаушысы Корешкова  Татьяна Сергеевна мен ардагер педагог Матяш Валентина Ивановна шақырылды. Олар балаларға қызықты да мағыналы баяндама жасап, өлеңдерін оқып, П. Васильев мұражайы туралы бейнефильм көрсетіп қызығушылықтарын оятты. Ақынның шығармалары желісімен салынған Виктор Поликарповтың суреттерімен оқушылар танысты. Кездесу қызықты да пайдалы өтті.

 

Комментарии запрещены.