8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел өмірдің гүлі» атты мерекелік кеші өтті. Салтанатты мерекелік кешіне Естай атындағы мәдениет сарайының «Әл-әки» ансамблінің әртісі Ә.Даутованың орындауында «Анашым», «Я назову планету именем твоим», Шаңырақ орталығының солисті, Республикалық конкурстардың лауреаты Н.Көшеннің орындауында «Девочка из г.Караганда», «», Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасының кітапханашысы А. Бодаубектің орындауында «Бұл менің анам» әндері тарту еттілді, мерекелік шараға Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысты. Шырайы келісті, мазмұны мағыналы, мерекелік реңдегі іс-шарада Павлодар қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ басшысы Р.М. Баисов ұжымды мерекемен құттықтады, ойындар, қатысушыларға «Әйел – Ана, Әйел – Ару, Әйел – Гүл!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.