«Көктемгі гүлдер мерекесі»

7 наурыз күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында «Кітап көмекке асығады» жобасы бойынша «Альрами» клуб үйінің «ARCUS» даму орталығының мүшелері үшін халықаралық әйелдер күніне орай «Көктемгі гүлдер мерекесі» демалыс сағаты өткізілді. Іс-шара көктем туралы өлең оқып, «Выглянуло солнышко, блещет на лугу» әнін бірге орындаумен басталды. Әрі қарай бағдарламада: «Гүлдер туралы жұмбақтар» викторинасы; «Гүлдер қалай пайда болады» және «Гүлдер туралы аңыздар – Бүршік гүлдер» бейнелерін көру; «Біз гүлдерміз» мультфильм-әзіл өлеңі; «Гүлдер отырғызамыз» дене шынықтыру минуты; «Әлемде гүл бар» және «Бүршік гүлдер» әндерін тыңдау; «Гүлдер туралы жұмбақтар» виртуалды викторинасы. Іс-шара соңында қатысушылар «Гүл» мультфильмін тамашалады.

Комментарии запрещены.