«QR – қазына іздеу» кітапхана сабағы
21 желтоқсанда №3 көпшілік кітапханада №33 мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған «QR – қазына іздеу» кітапханалық сабағы өтті. Кітапханашы QR коды, оның мәні және кітапханада қолданылуы туралы айтып берді. Балаларға жасырын қазынаны табу үшін квест ұсынылды. Командаларға арналған тапсырмалар шифрланған. Ойыншылар QR кодтарын сканерлеп, ақпаратты іздеу тапсырмаларын орындады. Ойын барысында оқушылар QR-кодтарды қолдануды үйренді, кітапханада қанша қызықты кітап бар екенін білді, электронды және алфавиттік каталогтармен жұмыс жасап, «Павлодар қаласының ОКЖ» сайтымен танысты. Балалар іс-шарадан өте жақсы көңіл күймен қайтты.