«Дәстүр. Руханият. Жаңғыру» дөңгелек үстел
17 қазан күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханада Ертіс-Баян өңірінде 19 ғасырдың ортасынан 20 ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі діни тұлға Ғабдулуахит Хазіреттің 170 жылдығына арналган «Дәстүр. Руханият. Жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде рухани құндылықтарды калыптастыруда Ғабдулуахит ілімдері ерекше рөл атқаратыны жайлы айтылды. 1953 жылы әулие жерленген жерде мазар салынды. Ғабдулуахит Хазірет кесенесі діни-танымдық туризмнің бір бөлігі болып табылады. Мұнда қажылар тек Қазақстаннан ғана емес, шет елдерден де үміт пен сеніммен келеді. Шара 35 адамды қамтыды.