2019 жылғы 12 ақпан күні №10 көпшілік кітапханада кітапханалық коворкинг орталығында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған «Болашаққа естелік» атты музыкалық алаң өтті. Кеште ауған соғысының ардагерлері: «Қызыл жұлдыз» ковалері орденінің иесі К.М. Әміров; «Ерлігі үшін» медалінің иегері капитан М.Т. Каменов; «Отанға қызмет көрсеткені үшін» орденінің, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Батылдығы үшін» медальдарының иегері полковник Б.С. Бекішев, және үлкен досы, жауынгер-интернационалисті, ерлік жыршысы М.М.Қожахметовта қонақта болды. Сонымен қатар Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері қатысты. Іс-шараны қазақ және орыс тілдерінде кітапхана қызметкерлері Займолда Р. және Пихлик Н.И.жүргізді.
Бастапқыда баяндамашылар Ауғанстандағы соғыс туралы әңгімеледі, бұл біздің отандастарымыздың көптеген өмірін талап етті. Осы жарияланбаған соғыс тоғыз жылға, 1979 жылғы желтоқсаннан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылды. «Құпия сөз бір-ауған» әнінің бейнеклипі баяндаманы толықтырды.
Ардагерлер қай жылдары соғысқа шақырылғандары, соғыс алаңында ерлікпен соғысқандары жайлы баяндап берді. 18-19 жас шамаларында соғысқа аттанған ардагерлеріміз бастан кешкен оқиғаларын баяндап тыңдармандарды баурап алды.
Қонақтар гитарамен бірге келіп, бірнеше «ауған әндерін» орындады. Қожахметов Мәулен Ауған соғысы туралы өзінің екі әнін шырқады, ал Әміров К. Казаков А. пен А. Розенбаумның «Қара Қызғалдақ» әніне жазылған әндерін орындады. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жас өкілдері В.Цойдың «Кукушка» әнін орындады.ТЖҚ-2 атынан Қаршыға атты музыкант өз өнерін көрсетті.
Іс- шара өзінің мазмұнымен, шақырылған қонақтарымен ерекше өтті.Соңында естелік суретке түсті. Қатысушылар 35 адам.