«Жан жарасы жазылмас»

12 ақпан күні сағат 11.00-де Павлодар қаласының № 2 шағын ауданының Ардагерлер кеңесімен Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай «Жан жарасы жазылмас» атты ерлік сағаты  № 17 к/к оқу залында   өтті. Мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Бұл кешке Ауған соғысының ардагерлері – Букурубов Уәлихан Сертайұлы, Зарканов Нұржан Тілегенұлы, Сағындықов Марат Нұрмұхамедұлы  және Смирнов Владимир Юрьевич қатысты.  Кітапханашы А. Кабылденова Ауған соғысы туралы мәлімет беріп, Ауған соғысының ардагерлерімен таныстырды.

Алдымен Ауған соғысында қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, № 34 мектептің 5 сынып оқушылары қонақтармен сұхбат жүргізді.  Ауған соғысының құрбандарына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды..

Қатысқандар саны-18 адам.

Комментарии запрещены.