15 желтоқсан күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Мемлекеттіліктің қалыптасуы» атты тарихи хабарландыру өткізілді. Мақсаты: еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Кітапханашылар желтоқсандағы оқиғалар, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтып берді. «Тәуелсіз елім – Қазақстан» кітап көрмесінде Қазақ хандығының құрылуы, желтоқсан оқиғалары туралы әдебиеттер ұсынылып, еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктері баяндалды. Іс-шараға қатысушылар «Желтоқсан» бейнефильмін тамашалады. Қамту 30 адамды құрады.