Тәуелсіздік — елдік пен мемлекеттілік арқауы

14 желтоқсан күні №25 ЖОББМ 10 «А» сыныбының  оқушыларына Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-елдік пен мемлекеттілік арқауы» арнау кеші өткізілді. Іс-шара Тәуелсіздік құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімімен басталды. Кейін «Желтоқсан құрбандары» деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Кітапханашының әңгімесінен оқушылар желтоқсан оқиғасының негізгі себептері туралы естіді. «Желтоқсан желі ызғарлы…» кітап көрмесіндегі кітаптармен және журналдардағы мақалалармен танысты. Арнау кеші соңында танымал қазақ ақыны Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңі оқылды.

Комментарии запрещены.