23 тамызда № 3 балалар кітапханасының кітапханашысы Калиева Динара Амангельдиновна № 16 балабақша қызметкерлеріне «Кітапхана күні балабақшада» мамандар күнін өткізді. Мақсаты: балабақша тәрбиешілеріне әдістемелік және балалар әдебиетімен таныстыру. Қатысқандар 5 адам.
Жетекші — кітапханашы Маман күнін қазіргі мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мәселесі бойынша баяндамамен ашып, балаларды балабақша қабырғасында кітапты жақсы көруге үйрету қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Ересек адамның міндеті – балаларға кітап оқудан ерекше ләззат алуға болатынын түсіндіру. Ересектер балаларды кітапқа тарту үшін, өздері әдебиетті жақсы көріп, өнер ретінде танып, әдебиетке деген сезімін жеткізе білу керек. «Сіздер үшін, тәрбиешілер» жаңа кітаптар мен журналдар шолуында, түрлі сериядағы балаларға арналған кітаптар, жас балаларға арналған кітапханадағы журналдарға шолу, балалар шығармашылығы және танымдық әдебиет жаңалықтары ұсынылды. Сонымен қатар, кітапханашы қатысушыларға мектепке дейінгі жастағы балаларды оқуға үйретудің әдістері мен нысандарын айтып берді, тығыз ынтымақтастыққа шақырды. «Кітапхана сіздерге көмектеседі» кеңесі. Кітапхана балабақшадағы әдістемелік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады және оқу процесіне қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында кітапханалық және ақпараттық ресурстарын тегін пайдалану енгізілген. Ары қарай «Ғаламтор» мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері үшін. Кітапханашыларға балалардың тәрбиесі және дамуы жайында, ғаламтор сайттарынан және кәсіби әдебиеттерден шолу жасалды. Шара соңында тәрбиешілер «Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі» жайында әдебиеттерді қарап шықты.