1 шілде күні №4 балалар кітапханасында №43 мектеп жанындағы лагерьдің балалары үшін домбыра күніне арналған «Домбыра — қазақ халқының жаны» атты музыкалық сағаты өткізілді. Кітапханашылар ертеден қазақтың таңғажайып халық аспабы — домбыра туралы айтып берді. Балалар домбыра туралы аңыздарды қызығушылықпен тыңдап, белгілік үйшілер Құрманғазы мен Дина Нұрпейісова туралы білді. Іс-шарада «Адай», «Балбырауын», «Той бастар» күйлері орындалды. «Ақсақ құлан» аңызы балалардың қызығушылығын тудырды. Балалар домбыра пазл жинауға жарысты, «Қазақ даласының музыкасы» викторинасының сұрақтарына белсенді жауапберді, домбыра туралы өлеңдер тыңдады.