«Балаларды кітаппен достастыру» ертегілер флюгері

17 тамызда Д.Әбілев атындағы кітапханада кітапханашылары«Ертегі күні» атты кітапханалық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты – кітапоқуға және оған деген қызығушылықты насихаттау, балалардың логикалық ойлауын дамыту. Біздің кітапханашылар белгілі балалар жазушыларының ертегілерін оқыды, ал балалар сүйікті танымал жазушылардың ертегілерінің кейіпкерлерін таба білді. Қатысушылар сүйікті ертегілерін оқып, жақсылық пен жамандықты анықтап, оқыған кітаптарын мазмұндап берді. Ал сабақтың ең кішкентай қатысушылары кітапханаға жиі баруға уәде бере отырып, кітаптарды пайдалану ережелерімен, кітаптарды қалай ұстау керектігі туралы көптеген қызықты да пайдалы ұғымдар туралытүсінік алды. Ертегі күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балаларды кітаппен достастыру-бұл  әдебиетіміздің байлығын  танып-білудің алғашқы қадамы болып саналады.

Комментарии запрещены.