Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл. 2022 ж. 2022 жылдың 4 мамырында Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында № 4 балалар кітапханасында № 43 орта мектептің оқушыларына «Отан қорғаушылар» патриоттық сағаты өткізілді. Іс-шараға 2 шағын ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы, ерекше қауіп-қатер бөлімшесінің мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Нұрмұхамедұлы Сағандықов және Павлодар қаласы мен Павлодар облысы Аэроұтқыр әскерлері мен ВДВ ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Василий Петрович Чепасов шақырылды. Іс-шара Әнұранның орындалуымен ашылды. Кітапханашылар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы қысқаша айтып берді. № 34, № 43 мектепттерінің оқушылары өлеңдер оқып, домбырамен және баянмен ән ойнап берді. Балалар қонақтарға сұрақ қойды. Қонақтар өз қызметі, ҚР Қарулы Күштері, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы айтып берді.